Бразилияда 48 жолаушы мінген автобус сайға құлады: алты адам мерт болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бразилияда, Сан-Паулу және Минас-Жерайс штаттарының шекарасына жақын жерде 48 жолаушысы бар автобус жарға құлады. Алты адам қаза тапқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ G1-ге сілтеме жасап.
Агенттік ақпаратына сәйкес, автобус Апаресида ұлттық ғибадатханасына бет алған.
Өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, автобус бұрылыста жолдан шығып кетіп, шамамен 15 метр терең сайға құлаған.
Алты адам оқиға орнында көз жұмды, тағы 42 жолаушы жарақат алып, аймақтағы медициналық мекемелерге жеткізілді.
Жолаушыларды құтқару үшін арнайы жедел топ жұмылдырылды.
Жүргізушінің көлік тізгінін неліктен жоғалтқаны тергеу барысында анықталады.
Қазіргі уақытта жүргізуші қамауға алынды. Оның адвокаты апат механикалық ақаудан болғанын, беріліс қорабының істен шығуына байланысты жүргізушінің тежегішті баса алмағанын мәлімдеді.
Seis pessoas morreram em um acidente de ônibus com 48 passageiros que caiu em uma ribanceira em Cruzeiro, no Vale do Paraíba. O veículo partia de Ipatinga (MG) com destino a Aparecida (SP).
— Jovem Pan News (@JovemPanNews) September 20, 2026
Confira na JP News https://t.co/nH5raFmgDm#FastNews pic.twitter.com/tLKeNySxeB
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2430992-braziliiada-48-zholaushy-mingen-avtobus-saiga-qulady-alty-adam-mert-boldy/
