Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қырғызстанда қошқар 1 миллион долларға сатылды (видео)

    Қырғызстандағы қошқар
    Қырғызстандағы қошқар. Фото: t.me/sputnik_kyrgyzstan

    Қырғызстанда өткен фестивальде "Арашан" тұқымды қошқар 1 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды "Спутник-Кыргызстан" агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қырғызстанда "Арашан" тұқымды етті-майлы қойларды дамытуға арналған фестивальде ерекше сауда жасалды. Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сәйкес, осы тұқымдас қошқар 1 миллион долларға сатылған.

    Сауда-саттық туралы ақпаратты Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі растады.

    Қымбат тұратын асыл тұқымды мал атақты Франкель қошқарының ұрпағы. 2023 жылы оны Қазақстанға 150 мың долларға сатқан болатын.

    "Франкель қырғыздың "Арашан" тұқымының ең танымал өкілдерінің бірі саналады. Ол Талас жайлауында өсірілген.

    "Арашан" тұқымы Қырғызстанда 2021 жылы ресми түрде тіркелді. Ол гиссар және қырғыздың қылшық жүнді қой тұқымдарын будандастыру арқылы шығарылған. Бұған дейін бұл тұқымға Қазақстан мен Өзбекстан фермерлері қызығушылық танытып жатқаны хабарланған болатын", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, 2026 жылдың наурыз айында Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы "Арашан" асыл тұқымды қойларын аукцион немесе биржа форматында сату үшін мемлекеттік алаң құруды ұсынған еді.

    Қырғызстанда қошқар 1 миллион долларға сатылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram