Италия мектептерінде бурқа мен ниқаб киюге тыйым салынбақ
Жарияланған күні:
Читать на русском
Италия мектептерінде бурқа мен ниқаб киюге тыйым салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды DW басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Италия премьер-министрі Джорджа Мелони елдің Министрлер кеңесі мектептерде бурқа мен ниқаб киюге тыйым салатын, сондай-ақ сыныптардағы шетелдік оқушылардың санын шектейтін заң жобасын қарайтынын мәлімдеді.
Ол италиялық балалар сыныпта өздерін азшылық ретінде сезінбеуі тиіс екенін атап өтті.
Мелонидің айтуынша, тағы бір шара – бір сыныптағы шетелдік оқушылардың шекті санын бекіту болмақ.
Италия үкіметінің басшысы итальян тілін білмейтін балалар "тым көп" болса, интеграцияның тиімділігі жойылатынын айтты.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2430294-italiia-mektepterinde-burqa-men-nikabqa-kiiuge-tyiym-salynbaq/
