Гарри ханзада мен Меган Маркл Ұлыбританияға оралғаннан кейін сынға ұшырады

    Гарри ханзада мен Меган Маркл
    Гарри ханзада мен Меган Маркл. Фото: Jonathan Brady-Pool/Getty Images

    The Blast басылымының жазуынша, Гарри ханзада мен Меган Маркл Ұлыбританияға оралғаннан кейін "өздерін тым еркін ұстағаны" үшін сынға қалды, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ.

    Гарри ханзада мен Меган Марклдің АҚШ-тан Ұлыбританияға оралуы жаңа талқылаулар толқынын тудырды. Сассекс герцогы мен герцогинясын көпшілік эгоцентризмге бейім әрі өз мәртебелерін бұрмалап қабылдап отыр деп айыптады . Жұртшылықтың наразылығына ерлі-зайыптылардың жеке тұлға мәртебесіне қарамастан, британиялық салық төлеушілердің есебінен тәулік бойы қарулы күзетпен қамтамасыз етуді талап етуді жалғастыруы басты себеп болды.

    Ерлі-зайыптылар қоныстанбақшы болған Котсуолдс ауданының тұрғындары тыныштықтың бұзылуынан және баспасөздің назарының артуынан қауіптенетіндерін ашық айтып отыр. Ал Сассекс герцогы отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етуін тоқтатпай отыр. Сарапшылар жұптың корольдік отбасы мүшелерінің міндеттерінен бас тарта тұра, мемлекеттік артықшылықтарды сақтап қалуға ұмтылуын "тәкаппарлық пен өздерін тым еркін ұстаудың" көрінісі деп бағалады.

    Гарри ханзада мен Меган Маркл Ұлыбританияға оралғаннан кейін сынға ұшырады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram