Лавров Еуропа елдеріне Ресейге шабуыл жасалған жағдайда "соғыс қысқа" болатынын ескертті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Еуропа елдеріне Ресей аумағына шабуыл жасаудың салдары туралы ескертті, деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның жазуынша, Сергей Лавров Халықаралық жастар фестивалінде Еуропамен болуы мүмкін соғыс туралы пікір білдірген.
"Біз Еуропаға шабуыл жасау ниетіміз жоқ екенін бірнеше рет айтқанбыз. Президент (РФ президенті – ред. ескертпесі) жақында бұл тақырыпқа тағы да егжей-тегжейлі тоқталды", - деп еске салды СІМ басшысы.
Бұл ретте ол Еуропаның Ресейге шабуылы немен аяқталатынын ескертті.
"Біздің мұнымен айналысуға ешқандай мүддеміз жоқ екенін баса айтамын, бірақ күн сайын Ресейге қарсы соғысқа дайындалып жатқанын айтатын Еуропа Ресей Федерациясына шабуыл жасаса, бұл мүлдем басқа соғыс болады және ол өте қысқа болады", - деп қосты Лавров.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2428553-lavrov-europa-elderine-reseige-shabuyl-zhasalgan-zhagdaida-sogys-qysqa-bolatynyn-eskertti/
