Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    АҚШ-тың Иранмен соғысы Пентагонға 38 млрд долларға түсті

    Иран және АҚШ туы
    Иран және АҚШ туы. Фото: Studiocasper / Getty Images

    АҚШ Иранға қарсы әскери іс-қимылдарға 38 млрд доллар жұмсады. Қақтығыс қарқыны сақталған жағдайда шығын айына 2-3 млрд долларға артуы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап.

    Бұған пайдаланылған оқ-дәрілер мен жоғалған әскери техниканың орнын толтыру, ұшу сағаттарының көбеюі, басқа да операциялар мен отын шығындары есепке алынды.

    Айта кетейік, қақтығыстың бастапқы қарқынды кезеңі бір айдан сәл астам уақытқа созылды. Пентагонның шығындары әскери іс-қимылдар жалғасқан сайын өсе береді: мамыр және маусымдағыдай деңгей сақталса, бір айда шамамен 2 милрд долларға, ал шілдедегідей қарқынмен 3 млрд доллар жұмсалады. Жағдай одан әрі ушықса, шығын бұдан да жоғары болуы мүмкін.

    Зерттеуге сәйкес, маусымда АҚШ әкімшілігі Конгресстен 87,6 млрд доллар көлемінде қосымша қаржы сұрады, оның 67,1 млрд доллары Пентагонға арналған. Қақтығысқа тікелей байланысты 42,3 млрд долларлық сұраныс бөлігі Қорғаныс министрлігінің бюджеттік басқармасының шығындарды бағалауынан шамамен 10 пайызға артық.

    АҚШ-тың Иранмен соғысы Пентагонға 38 млрд долларға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram