Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ким Чен Ын ресейліктерді бауырлас халық деп атады

    Ким Чен Ын және Владимир Путин
    Ким Чен Ын және Владимир Путин. Фото: Contributor/Getty Images

    КХДР басшысы Ким Чен Ын Ресей мен Владимир Путинді қолдайтынын мәлімдеп, ресейліктерді бауырлас халық деп атады. Ол Ресейдің жеңіске жететініне сенім білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

    Ресей президенті КХДР құрылғанының 78 жылдығына орай құттықтау жолдаған. Оған жауап ретінде Ким Чен Ын Владимир Путинге жеделхат жөнелткен. Жолдауда Солтүстік Корея көшбасшысы Мәскеуді бұдан әрі де қолдауға ниетті екенін атап өтті.

    "Мен Ресей федерациясының елдің қауіпсіздік мүдделерін қорғаудағы және халықаралық әділдік жолындағы бүгінгі соғыста жеңіске жететініне кәміл сенемін. Сізді және бауырлас Ресей халқын әрдайым қолдауға уәде беремін" - делінген жолдауда.

    КХДР басшысы бүгінде екі ел "сенім мен ынтымақты нығайтып", әділдік пен бейбітшілікті бірлесіп қорғап жатқанын, "ұлы одақ тарихына" жаңа беттер қосып келе жатқанын атап өтті.

    "Достық, тату көршілік, өзара көмек дәстүрлеріне және берік одақтастық қатынастарға негізделген Корей-Ресей қарым-қатынасының жарқын болашағы туралы ортақ түсінікке сүйене отырып, РФ-пен бірлескен істі жан-жақты кеңейтуге және тереңдетуге деген менің және КХДР үкіметінің еркі өзгермейді", - деді Ким Чен Ын.

    Ким Чен Ын ресейліктерді бауырлас халық деп атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram