18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Индонезия жағалауында суға кеткен паром 30 метр тереңдіктен табылды

    Суға батып бара жатқан паром
    Суға батып бара жатқан паром. Видеодан кадр: x.com/RadioElshinta

    Индонезия жағалауында суға кеткен Virgo Transport 8 паромы 30 метр тереңдіктен табылды. Бұл туралы елдің Ұлттық іздестіру-құтқару агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство басшысы Мохаммад Сьяфи құтқарушылар кемені таяз суға сүйреп шығару мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады.

    Бұл ретте олар Индонезия Әскери-теңіз күштерінің ұсыныстарын ескеріп отыр – әскерилер кеме тұрақты қалпын сақтап тұрса, оны теңіз түбінде қалдырған жөн деп санайды.

    Құтқарушылар су бетіндегі адамдарды іздеу басты басымдық болып қала беретінін атап өтті.

    "Біз, әрине, зардап шеккендер жақын арада аман-есен табылады деген үмітімізді үзбейміз", - деді Сьяфи.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Индонезияның Ява теңізінде бортында 240 жолаушысы бар кеме жоғалып кеткен еді.

    Кеше алты адамның қаза тапқаны және 130 адамның хабар-ошарсыз кеткені хабарланды.

    Индонезия жағалауында суға кеткен паром 30 метр тереңдіктен табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram