Paramount Калифорниядан кетсе, штат 21,2 млрд доллар мен 58 мың жұмыс орнынан айырылуы мүмкін
Жарияланған күні:
Читать на русском
Лос-Анджелес округінің Экономикалық даму корпорациясының есебі жарияланды. Variety басылымының хабарлауынша, құжатта киностудияның бас кеңсесін көшірудің салдары көрсетілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Paramount Skydance киностудиясының Калифорния штатынан кетуі 28 990-нан 57 980-ге дейін жұмыс орнының қысқаруына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ жыл сайынғы экономикалық өнім көлемі 10,6 млрд-тан 21,2 млрд долларға дейін төмендейді. Бұл туралы Лос-Анджелес округінің Экономикалық даму корпорациясы жанындағы Қолданбалы экономика институтының жабық есебінде айтылған. Құжаттың үзінділері БАҚ-қа қолжетімді болды.
Компания Техас, Джорджия немесе Теннесси штаттарына көшуі мүмкін. Бұған Калифорния прокуроры Роб Бонта бастаған бас прокурорлар тобының сотқа берген талап-арызы себеп болды. Билік өкілдері монополияға қарсы заңнамаға сүйене отырып, Paramount Skydance пен Warner Bros. Discovery арасындағы құны 111 миллиард долларлық бірігу мәмілесін бұғаттауға тырысуда. Студия басшылығы келісім 1 қазанға дейін жасалмаса, юрисдикцияны ауыстыруға дайын екенін мәлімдеді. Егер компания көшіп кетсе, Калифорния экономикасы салық түсімдерінен жылына 1,17 миллиард долларға дейін шығынға батады.
Есеп авторлары студияның кетуі аймаққа символикалық және инфрақұрылымдық соққы болатынын атап өтті. Түсірілім павильондарын коммерциялық немесе тұрғын үй нысандарына айналдыру Калифорнияны ғасыр бойы қалыптасқан инфрақұрылымнан айырады. Қазіргі таңда тараптар дауды реттеу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Сот отырысы 2027 жылдың наурызына белгіленген.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2427269-paramount-kaliforniiadan-ketse-shtat-21-2-mlrd-dollar-men-58-myng-zhumys-ornynan-aiyryluy-mumkin/