Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Непалда 10 күн бойы үйінді астында жатқан әйел тірі табылды (видео)

    Непалда үйінді астынан табылған әйел
    Непалда үйінді астынан табылған әйел. Кадр: instagram.com/pmonepal/reels/

    Непалда туыстары жойқын су тасқыны кезінде қаза тапты деп есептеген қарт әйел он күн өткен соң тірі табылды. Ол осы уақыт бойы өзінің қираған үйінің үйінділері астында болған, деп хабарлайды Непал Премьер-министрі және Үкіметі аппаратының ресми парақшасына сілтеме жасаған Baq.kz.

    Чандика Кумари Шрестха елдің ең көп зардап шеккен аудандарының бірі Бетравати ауылында күшті су ағыны оның төрт қабатты үйін толығымен дерлік шайып кеткеннен кейін жоғалып кетті. Әйелдің отбасы оны тірі көреміз деген үмітін үзіп, дәстүрлі 11 күндік қаралы науқанды бастап кеткен болатын.

    Он күн өткен соң құтқарушылар үйінді астынан дауыс естіді.

    "Біз қираған үйді аралап жүріп, кенеттен: "Мені құтқарыңыздар" деген дауысты естдік", – деді полиция қызметкері Махендра Дарнал.

    Құтқару операциясы шамамен 45 минутқа созылды. Әйел су, лай және үйінді арасындағы шағын бос кеңістіктен табылды. Босатылғаннан кейін ол әскери госпитальға жеткізілді.

    Полицейдің айтуынша, Шрестха қираған ғимараттың ішінде пайда болған шағын ауа қалтасының арқасында аман қалған.

    Непалда 10 күн бойы үйінді астында жатқан әйел тірі табылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram