18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қытайда селден кейін 500-ден астам адам хабар-ошарсыз кетті

    қытайлық құтқарушылар
    Қытай құтқарушылары. Фото: x.com/@@Independent

    Қытайда селден кейін жоғалған адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Қаза тапқандар саны 43-ке жетті. Тағы 519 адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Синьхуаға" сілтеме жасап

    Қытайдың Сицзан автономиялық ауданындағы Гьиронг бақылау-өткізу пункті аумағында іздестіру-құтқару операциясы жүріп жатыр.

    Төтенше жағдайларда жедел әрекет ету жөніндегі жергілікті штаб хабарлағандай, хабар-ошарсыз кеткендердің арасында 23 елден келген 261 шетел азаматы бар.

    Бұл деректер қытайлық және шетелдік журналистерге арналған баспасөз мәслихатында айтылды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Гьиронг бақылау-өткізу пункті маңындағы апат аймағына да барды.

    "Құтқару жұмыстарына 2500-ден астам адам мен 500-ден астам техника жұмылдырылды. Ұшқышсыз ұшу аппараты мыңнан аса рет көкке көтеріліп, әуеден 5,43 тонна жүк түсірілді", - делінген штаб хабарламасында.

    Гьиронг уезінің билігі өз аумағында қалып қойған Непалдың шекаралас аймақтарының 1720 тұрғынына көмек көрсетті.

    Қытайда селден кейін 500-ден астам адам хабар-ошарсыз кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram