Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Үйлену тойында 20-дан астам адам қаза тапты (видео)

    Конгодағы өрт
    Конгодағы өрт. Кадр видеодан: x.com/Shako_Beatrice2

    Конгода үйлену тойы қайғылы оқиғамен аяқталды. Өрт салдарынан 20-дан астам адамның қаза тапқанын хабарланды, деп жазады РИА Новости агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Actualite порталының хабарлауынша, қайғылы оқиға астана Киншасадағы той залында болғанын жазды. Бұл туралы Лингвала коммунасының бургомистрі Норбер Мушига Нзиндула мәлімдеді.

    "2026 жылғы 5 қыркүйектегі алдын ала мәлімет бойынша, 22 адам қаза тапты. Көптеген зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды", - делінген бургомистрдің мәлімдемесінде.

    Ол өрттің шығу себебі әзірге белгісіз екенін атап өтті. Дегенмен алдын ала мәліметтерге сәйкес, құрбандар санының көп болуына ғимаратта шығатын есіктен біреу ғана болуы себеп болған.

    Бургомистрдің айтуынша, бұл есік тар болған. Сонымен қатар жаппай дүрбелең мен түтіннің көптігі жағдайды одан сайын қиындатқан.

    Үйлену тойында 20-дан астам адам қаза тапты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram