Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1,1 мыңнан асты

    Непалдағы су тасқыны
    Су тасқыны. Фото: Skanda Gautam/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

    Непалда құтқарушылар 4 858 адамды іздеуді жалғастыруда. Тағы 6 541 тұрғын қауіпті аумақтардан қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды The Kathmandu Post-қа сілтеме жасаған BAQ.KZ.

    Непал полициясы 1 127 адамның қаза тапқанын растады. Читванда - 348, шығыс Навалпарасиде - 217, батыс Навалпарасиде - 190 және Нувакотта - 155 мүрде табылды. Тағы қаза тапқандардың 9-ы көршілес Үндістан аумағынан анықталды.

    Мамандар 1 113 мәйіттің қажетті рәсімдерін аяқтап, 95 қаза тапқан адамның туыстарына денелерін тапсырды. Отбасыларына жақындарын табуға көмектесу үшін жеке басы әлі анықталмаған 911 адам туралы ақпарат полиция сайтына орналастырылды.

    Іздеу-құтқару операциясына 7 912 полицей жұмылдырылды. Олар отбасыларды қауіпті аймақтардан эвакуациялап, көмек жеткізіп, үйінділер астында қалған жолдарды тазартып, хабар-ошарсыз кеткендерді іздеуде.

    Су тасқыны Бхотекоши өзеніне құлаған мұзды-тасты көшкін салдарынан болған. Су, балшық және үйінді ағындары елді мекендерді, жолдарды және шекара маңындағы сауда нысандарын қиратты. Сондай-ақ Непалдың бірнеше ауданындағы гидроэлектр станциялары зардап шекті.

    Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1,1 мыңнан асты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram