Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ресейде оқушы мектепке суық қару алып кіріп, мұғалімге шабуыл жасады

    жасөспірім
    Жасөспірім. Көрнекі фото: pexels.com

    Ресей астанасының Жаңа Мәскеу ауданында оқушы мектепке суық қару алып кіріп, мұғалімге шабуыл жасады. Мектеп оқушысын күзетшілер тоқтатқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап.

    Ресей астанасының Жаңа Мәскеу ауданындағы №1392 мектептің директоры Денис Бахарев оқушының мектеп ғимаратына суық қару алып кіріп, мұғалімге шабуыл жасамақ болғанын мәлімдеді.

    "Бүгін таңертең мектебімізде оқыс жағдай болды. Денсаулығында ерекшелігі бар жасөспірім мектепке суық қарумен келіп, педагогке шабуыл жасамақ болды. Оны күзетшілер дереу тоқтатты", - деді мектеп директоры.

    Оқу орны басшылығының мәліметінше, педагог жеңіл жарақат алған. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр және оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

    Директор мектепте полиция жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Қазіргі таңда ішкі тергеу жүргізілуде.

    Басылым мәліметінше, Ресей ІІМ-нің Мәскеу бойынша бас басқармасының баспасөз қызметі мектептегі оқиға туралы ақпарат түспегенін хабарлап, қосымша ақпарат алу үшін Тергеу комитетіне хабарласуға кеңес берді.

    Ресей Тергеу комитетінің Мәскеу бойынша бас тергеу басқармасы түсініктеме беруден бас тартты.

    Ресейде оқушы мектепке суық қару алып кіріп, мұғалімге шабуыл жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram