"Ресей аспаны қауіпті бола бастады": Зеленский әуе компанияларына үндеу жасады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Украина президенті Владимир Зеленский Telegram-дағы арнасында Ресейдің әуе кеңістігі Украина Қарулы күштерінің шабуылдарына байланысты қауіпті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Бүгін біз Ресейдің әуе кеңістігін пайдаланатын барлық әуе компаниясын, сақтандырушыларды және Ресейдің негізгі әуежайларын қолданып жүргендердің барлығын ескерткіміз келеді: Ресей аспаны қауіпті бола бастады", - деді Зеленский.
Оның айтуынша, Украина азаматтық авиацияға қауіп төндірмейді. Алайда Ресей аспанында дрондардың көп болатыны туралы ескертеді.
"Ресей билігі бұл туралы тиісті түрде ескертпейді, алайда де-факто Ресейдің әуе кеңістігі жабылады. Ресей бастаған соғыс өз әуе кеңістігін жабуға мәжбүрлеп жатыр. Біз Украинада жазықсыз адамдардың қаза болуына жол бергіміз келмейді. Сондықтан серіктестерімізге ескертеміз: Ресей аспанында қауіпсіз аймақтар мен қауіпсіз сәттер қалмады", - деді Зеленский.
Украина президенті бұл сөздерді қазіргі таңда Мәскеу, Санкт-Петербург әуежайларына және Ресейдің басқа да негізгі бағыттарына рейстер орындайтын әуе компаниялары естуге тиіс деп санайды.
"Украинаның Сыртқы істер министрлігі және басқа да тиісті ведомстволары халықаралық құрылымдарға Ресейдің әуе кеңістігіндегі қауіп-қатерлер туралы барлық қажетті ақпаратты ұсынады. Азаматтық авиацияның дрондар арасында жүруіне орын жоқ", - деді Зеленский.
РИА Новости мәліметінше, Ресей президенті Владимир Путин бұл мәлімдемелерге қатысты пікір білдірді.
Ресей президенті егер Киев Ресей "аспанын жабу" бойынша қоқан-лоққыларын жүзеге асыруға тырысса, Мәскеудің жауап беретінін уәде етті. Ол Владимир Зеленский айтқан жоспарларды мемлекеттік терроризмге жасалған өтінім деп атады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2421626-resei-aspany-qauipti-bola-bastady-zelenskii-aue-kompaniialaryna-undeu-zhasady/
