18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Иранда үйлену тойы кезінде шабуыл жасалды: бірнеше адам қаза тауып, 70-ке жуығы зардап шекті

    шабуыл салдары
    Шабуыл салдары. Видеодан кадр: x.com/WNewsRankX

    Иранның оңтүстігіндегі Хормозган провинциясында үйлену тойы өтіп жатқанда АҚШ шабуыл жасады. Салдарынан бірнеше адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алғаны айтылып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

    Иран билігі төрт адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Ал бірқатар БАҚ-тың Иранның Қызыл жарты ай қоғамына сілтеме жасап хабарлауынша, бес адам көз жұмған.

    Провинция губернаторының орынбасары Ахмад Нафис 68 адамның зардап шеккенін мәлімдеді.

    Иран парламентінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің басшысы Эбрахим Азизи Тегеран АҚШ-тың үйлену тойына жасаған шабуылын жауапсыз қалдырмайтынын айтты.

    "Кухестактағы үйлену тойына шабуыл жасап, бейбіт тұрғындарды өлтіру – адам құқығын қорғаушы болып көрінетіндердің күйзеліске ұшырағанының айқын дәлелі. Олар бұған дейін Минаб пен Ламердте жасаған қатыгездіктері қайталап отыр. Ешқандай иллюзияға берілмеңіздер: бұл қылмыстар жазасыз қалмайды. Кінәлілерді Иран қарулы күштерінің жойқын күшінен ешнәрсе құтқара алмайды", - деді ол.

    Иранда үйлену тойы кезінде шабуыл жасалды: бірнеше адам қаза тауып, 70-ке жуығы зардап шекті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram