Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Си Цзиньпин Украина мен Таяу Шығыстағы қақтығыстарға қатысты Қытайдың ұстанымын айтты

    Си Цзиньпин
    Си Цзиньпин. Фото: Ақорда

    Қырғызстанда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде ҚХР басшысы Си Цзиньпин Украина мен Таяу Шығыс елдеріндегі әскери қақтығыстар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК-Украинаға сілтеме жасап.

    Украиналық басылым қытайлық CCTV сайтында жарияланған Си Цзиньпиннің сөзінің аудармасын келтіреді. ҚХР басшысының айтуынша, Қытай әлемдегі үш бірдей қақтығысты – Украина, Таяу Шығыс және Ауғанстандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуге белсенді атсалысуға дайын.

    ШЫҰ саммиті барысында ҚХР басшысы Бейжің халықаралық және аймақтық қақтығыстардың барлық тарабымен байланыс пен үйлестіруді нығайтуға дайын екенін мәлімдеді.

    "Украина, Таяу Шығыс және Ауғанстан сияқты халықаралық және аймақтық түйінді мәселелер бойынша Қытай барлық тараппен байланыс пен үйлестіруді нығайтуға дайын. Біз мәселенің салдары мен себептерін жоюға бағытталған тәсілді ұстанамыз және саяси реттеуге ықпал етеміз", - деді Си Цзиньпин.

    Оның сөзінше, бұл тәсіл халықаралық және аймақтық қақтығыстардың салдарын да, себептерін де жоюды көздейді.

    Си Цзиньпин Украина мен Таяу Шығыстағы қақтығыстарға қатысты Қытайдың ұстанымын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram