18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Кипр жағалауында паром аударылды: қаза тапқандар бар (видео)

    Зардап шеккендер
    Зардап шеккендер. Кадр: x.com/HsnEser

    Солтүстік Кипр жағалауында жолаушылар мінген паром суға батты. Кемеде 279 жолаушы болған, қаза тапқандар бар. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлады.

    279 жолаушысы бар кеме Гирне қаласының жағалауынан 2-2,5 километр жерде суға бата бастаған.

    Капитан кеменің суға толып, аударылғанын хабарлады.

    Қазіргі уақытта іздеу-құтқару операциясы жүргізілуде. Апат орнына жақын маңда болған катерлер көмекке келді.

    Мойындалмаған республика билігі аударылған кемеде болғандардың арасында бірнеше адамның қаза тапқанын мәлімдеді.

    Кипр жағалауында паром аударылды: қаза тапқандар бар (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram