Трамп Атлант немесе Тынық мұхитының атауын өзгерткісі келетінін айтты
Жарияланған күні:
Читать на русском
АҚШ президенті Дональд Трамп Онтарио көлі мен Мексика шығанағының атауын өзгерткеннен кейін, мұхиттардың бірінің атауын өзгертуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
АҚШ президенті мұны Ақ үйде журналистерге берген сұхбатында айтты. Брифингті Ақ үйдің YouTube-тегі ресми арнасы тікелей эфирде көрсетті.
"Бізде қазір шығанақ пен көл бар, енді тек мұхит жетіспейді. Сондықтан Атлант немесе Тынық мұхитының атауын өзгертуге тура келуі мүмкін. Мүмкін, атауы сәл өзгеретін шығар", - деді Трамп.
Бұған дейін Ақ үй басшысы Канадамен шекаралас жатқан Онтарио көлінің атауы өзгеретінін айтқан.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2419512-tramp-atlant-nemese-tynyq-muhitynyng-atauyn-ozgertkisi-keletinin-aitty/
