Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қытай мен Непал шекарасындағы су тасқыны: зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма

    Су тасқыны
    Су тасқыны. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қытай мен Непал шекарасында болған табиғи апат салдарынан хабар-ошарсыз кеткендер арасында Қазақстан азаматтары бар ма? Бұл сұраққа Сыртқы істер министрлігі өкілі жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Қазіргі уақытта Непал мен Қытай шекарасындағы су тасқынынан зардап шеккендер мен хабар-ошарсыз кеткендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ", - деп мәлімдеді ҚР СІМ өкілі.

    Министрлік өкілдері жағдайдың бақылауда екенін жеткізді.

    Еске салсақ, бүгін Қытай мен Непал шекарасыындағы өткелде көшкін жүріп, салдарынан 380 адам іс-түссіз жоғалды. Мұндай апатқа жер сілкінісі мен көшкін себеп болған.

    Соңғы дерек бойынша, су тасқынынан 72 адам қаза тапқан. Бұл туралы Қытай БАҚ-тары хабарлады.

    Қытай мен Непал шекарасындағы су тасқыны: зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram