18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Түркияда "Ердоған қайтыс болды" деген тақырыппен материал жариялаған журналистер ұсталды

    Режеп Тайип Ердоған
    Режеп Тайип Ердоған. Фото: Anadolu/Getty Images

    Түркияда "Ердоған қайтыс болды" деген тақырыппен материал жариялаған журналистер ұсталды. Олар бұл материалда ел президентімен тегі бір адамды меңзеген, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    OdaTV ақпаратына сәйкес, Түркияда "Ердоған қайтыс болды" деген тақырыппен материал жариялаған газеттің үш журналисі ұсталған. Порталдың мәліметінше, Aydin Denge басылымы Facebook-те "Ердоған қайтыс болды" деген жазуы бар сурет жариялаған.

    Алайда постта сілтеме берілген жаңалықта Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған туралы емес, Гүлшен Ердоған есімді азаматшаның қайтыс болғаны туралы айтылған.

    Осыған байланысты Айдын қаласының прокуратурасы халық арасында жаңылыстыратын ақпаратты жария түрде тарату бойынша тергеу бастаған. Бұл бап бойынша 4,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    "Тергеу барысында газет өкілі Эмин Айдын, бас редактор Ешим Үлкен және тілші Ислам Келеш екені анықталды. Журналистердің ұсталғаны хабарланды", - делінген жарияланымда.

    Агенттік материал дайындалып жатқан сәтте газет жарияланымды өшіріп тастағанын жазды.

    Түркияда "Ердоған қайтыс болды" деген тақырыппен материал жариялаған журналистер ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram