Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "ҰҚШҰ бітімгерлері Арменияға кірмейді": Пашинян мәлімдеме жасады

    Никол Пашинян
    Фото: NurPhoto/Getty Images

    Армения премьер-министрі Никол Пашинян оппозицияны елге ҰҚШҰ әскерін кіргізгісі келеді деп айыптады. Оның айтуынша, бұған жол берілмейді, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Саясаткер мұндай мәлімдемені парламентте сөйлеген сөзінде жасады. Оның сөйлеген сәтінің кадрларын жергілікті БАҚ жариялады.

    "ҰҚШҰ бітімгерлері Арменияға кірмейді. Жалпы, Арменияға ешқандай бітімгерлер кірмейді. Себебі бейбітшілік орнады, ал бітімгер – бұл халық. Иә, Армения халқы мен Әзербайжан халқы – ең сенімді бітімгерлер. Армения аумағына ешқандай шетелдік бітімгер кірмейді", - деді Пашинян.

    Ол Армения өзінің өмір сүру кепілдігін түрлі геосаяси орталықтардан іздемеуі тиіс екенін, керісінше күнделікті еңбекпен "өмір сүру, даму және бар болу" құқығын өзі қамтамасыз етуі керегін атап өтті.

    Естеріңізге сала кетейк, бұған дейін Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарянның республиканың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетіне жеткізілгені белгілі болған еді. Оның ұсталғанын саясаткердің өкілдері растады.

    Кейінірек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитет Кочарян мен оның ұлының ұсталғанын растады. Сонымен қатар оның өзі мен айналасындағылардың қандай күдікке ілінгені белгілі болды. Әңгіме бірқатар сыбайлас жемқорлық айыптары, соның ішінде мемлекеттік мүлікті заңсыз шығару және миллиардтаған драм көлемінде пара алу туралы болып отыр.

    Кейінірек БАҚ Арменияның үшінші президенті Серж Саргсянның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетке шақырылғанын, оған Роберт Кочаряннан кейін айып тағылғанын хабарлады.

    "ҰҚШҰ бітімгерлері Арменияға кірмейді": Пашинян мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram