Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қытайдың Сычуань провинциясында магнитудасы 4,7-ге тең жер сілкінісі болды (видео)

    Жер сілкінісі
    Жер сілкінісі. Иллюстрациялық фото: asbe/iStock/Getty Images Plus

    Қытайда магнитудасы 4,7-ге тең жер сілкінісі болды. Қытай сейсмологиялық желілер орталығы Сычуань провинциясындағы дүмпулерді тіркеді, деп хабарлайды Синьхуа агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Агенттіктің мәліметінше, жер сілкінісі дүйсенбі күні Бейжің уақытымен сағат 08:26-да Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясына қарасты Ибинь қаласындағы Чаннин уезінде тіркелген.

    Қытай сейсмологиялық желілер орталығының (CENC) деректері бойынша, жерасты дүмпулерінің эпицентрі солтүстік ендіктің 28,33 градусы мен шығыс бойлықтың 104,98 градусы нүктесінде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 5 шақырым тереңдікте жатыр.

    Сондай-ақ әлеуметтік желіде жер сілкінісі кезінде түсірілген видеолар жарияланды.

    Қытайдың Сычуань провинциясында магнитудасы 4,7-ге тең жер сілкінісі болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram