18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Швециядағы мектепте қылыш ұстаған жігіт оқушыларға шабуыл жасады: бір адам қаза тапты (видео)

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Фото: Fredrik SANDBERG / TT NEWS AGENCY / AFP via Getty Images

    Швецияда бейтаныс жігіт мектепке қылыш ұстап кіріп, көпшілікке шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, екі жасөспірім ауыр жарақат алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

    Басылым мәліметінше, оқиға Фагерста қаласындағы Бринеллсколан мектебінің аумағында жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-ден кейін (Астана уақытымен 17:00) болған. Белгісіз ер адам оқу орнына баса-көктеп кіріп, екі жасөспірімді жаралады. Олар ауыр жарақат алған. Тағы бір адам қаза тапқаны және бір адам жеңіл жарақат алғаны хабарланды.

    Полицейлер шабуыл жасаушыға оқ жаудырып, оны ұстады. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, шабуыл жасаған 18 жастағы жігіт осы мектепте кезінде оқыған болуы мүмкін.

    Оқиғадан кейін аудандағы сегіз мектеп уақытша жабылды. Өңірде жоғары дайындық режимі жарияланды. Алайда кейінірек полиция қазіргі уақытта халыққа төнетін қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

    Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон шабуылды "ауыр оқиға" деп атады. Ол "бұл әрекеттің артында не тұрғанын" білмейтінін, бірақ "полиция белсенді жұмыс істеп жатқанын" айтты.

    Бринеллсколан мектебінің оқушылары жазғы демалыстан кейін оқуларына енді оралған болатын.

    Швециядағы мектепте қылыш ұстаған жігіт оқушыларға шабуыл жасады: бір адам қаза тапты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram