18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Германияда аптап ыстықтан қайтыс болғандар саны 14 мыңға жетті

    Еуропадағы ыстық
    Еуропадағы ыстық. Фото: Maryam Majd/Getty Images

    Германияда жыл басынан бері аптап ыстықтан қайтыс болғандар саны артты, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның Роберт Кох институтының (RKI) жарияланымына сілтеме жасап жазуынша, 20 тамыздағы жағдай бойынша Германияда аптап ыстықтың салдарынан болған өлім-жітімнің саны шамамен 14 мыңға жеткен.

    Көз жұмғандардың басым бөлігі – 85 жастан асқан адамдар. Сонымен қатар аптап ыстықтан әйелдер жиі қайтыс болған.

    Айта кетейік, Роберт Кох институты жаз бойы аптап ыстыққа байланысты өлім-жітім көрсеткішіне апта сайын мониторинг жүргізеді.

    Институт өлім санын математикалық әдіспен бағалайды. Себебі ресми медициналық қорытындыларда аптап ыстық өлімнің себебі ретінде сирек көрсетіледі.

    Тұжырым жасау үшін ғалымдар өткен жылдардағы өлім-жітімнің орташа деңгейін алып, оны аномальді ыстық кезіндегі көрсеткіштермен салыстырады. Нормадан тыс байқалған өсімді ауа райы жағдайымен байланыстырады.

    Германияда аптап ыстықтан қайтыс болғандар саны 14 мыңға жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram