Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    10 минутта 500 доллар түскен: Иранда Трампты өлтіруге көпшіліктен қаражат жиналып жатыр

    Дональд Трамп
    Дональд Трамп. Фото: Eric Lee/Getty Images

    Иран мемлекеттік телеарнасында АҚШ президенті Дональд Трампты өлтіруге сыйақы тағайындау мақсатында көптен қаражат жинау басталғаны хабарланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Газета.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    MEMRI TV сюжетінің аудармасына сүйенген басылымның мәліметінше, қаражат жинау басталғаны IRIB Quran телеарнасының эфирінде жарияланған. Жүргізуші Марьям Гасеми көрермендерге АҚШ басшысын өлтіріп беретін адамға сыйақы тағайындау үшін ақша аударуды сұрап үндеу тастады.

    "Барлық ирандық күндердің бір күні Трамптың өлімі туралы хабарлайтынымыздан үмітті", - деді Гасеми.

    БАҚ мәліметі бойынша, тікелей эфирдің алғашқы 10 минутында көрермендер шамамен 435 доллар (шамамен 200 мың теңге) жинаған. Бағдарлама қонағы, ирандық кәсіпкер Алиреза Юнчи жалпы соманы 535 долларға (шамамен 250 мың теңге) дейін жеткізу үшін өз тарапынан қосымша қаражат қосуға уәде берді.

    10 минутта 500 доллар түскен: Иранда Трампты өлтіруге көпшіліктен қаражат жиналып жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram