18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі: шығын көлемі 9,6 млрд долларға бағаланды

    Колумбиядағы жер сілкінісі
    Колумбиядағы жер сілкінісі. Фото: Anadolu/Getty Images

    Колумбия билігі 10 тамызда ел аумағында болған жер сілкінісінен келген материалдық шығынды бағалады, деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Колумбия президенті Абелардо де ла Эсприэлья 10 тамызда болған жойқын жер сілкінісінен елге келген тікелей шығын көлемі 9,6 миллиард долларға бағаланғанын мәлімдеді.

    "Чоко, Валье-дель-Каука, Рисаральда, Киндио және Кальдас өңірлеріндегі тікелей материалдық шығын 30 триллион песоға жуықтайды. Оның 24,5 триллионы (7,8 млрд доллар) ғимараттарға, ал 5,5 триллионы (1,8 млрд доллар) инфрақұрылымға тиесілі. Бұл – алдын ала есептелген көрсеткіштер", - деді ол өз үндеуінде.

    Соңғы мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісі салдарынан 289 адам қаза тапқан.

    Естеріңізге сала кетейік, 10 тамызда Колумбияда магнитудасы 7,4-ке тең жойқын жер сілкінісі болды. Зілзала салдарынан сол күні кешке қарай 30 адамның қаза тапқаны хабарланды.

    12 тамызда елде төтенше жағдай жарияланды.

    Өткен аптада ел президенті жер сілкінісі салдарынан 265 адам қаза болғанын мәлімдеген еді.

    Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі: шығын көлемі 9,6 млрд долларға бағаланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram