Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қырғызстан тұрғындары да жаппай жарық сөнгенін айтты

    Электр шамы
    Электр шамы. Көрнекі фото: Рixabay.com

    Сағат 15:00-ден бастап Қырғызстан астанасы Бішкектің түрлі аудандарында электр қуаты өшіп, жарық беруде үзілістер болып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ kaktus.media-ға сілтеме жасап.

    Басылымның мәліметінше, Бішкек тұрғындары сағат 15:00-ден бері электр қуатының сөнгенін, жарықтың жиі өшіп жатқанын айтуда.

    Алдымен жарықтың сөнгені туралы Тыныстанов пен Токтоғұл көшелерінің тұрғындары хабарлаған. Артынша Қырғызстан астанасының басқа аудандарында да электр қуатының сөнгені туралы ақпараттар түсе бастады.

    Бұған дейін басылым 12 тамызда Бішкектегі Dordoi Plaza-2 сауда-ойын-сауық орталығы электр қуатының апаттық жағдайда сөнуіне байланысты жабылғанын хабарлаған.

    Қырғызстан тұрғындары да жаппай жарық сөнгенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram