18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Англияда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті: ондаған адам зардап шекті (видео)

    Пойыз рельстен шығып кетті
    Пойыз рельстен шығып кетті. Фото: James McCauley/Getty Images

    Англияда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, салдарынан 20 адам зардап шекті, деп хабарлайды ВВС-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның мәліметінше, Шығыс Суссекс графтығындағы Льюис теміржол станциясының маңында үш вагон рельстен шығып кеткен. Британиялық көлік полициясының дерегінше, төтенше жағдай салдарынан бірнеше адам вагон ішінде қалып қойған. Кейін барлық 150 жолаушы эвакуацияланған.

    Дегенмен олардың арасында 20 адам зардап шеккен, екі адам ауыр жарақат алған. Оқиға орнында адамдарға алғашқы көмек көрсетілген, кейбірі жергілікті ауруханаларға жіберілген.

    Аймақтағы бірнеше теміржол бағыты жабылып, оқиға орнына жедел түрде апаттық қызметтер келіп жеткен. Ал тұрғындарға бұл аймаққа бармау ұсынылған.

    Англияның теміржол жүйесін басқаратын Network Rail компаниясы пойыздың рельстен шығып кету себебі әзірге белгісіз екенін мәлімдеді.

    "Біз теміржол апаттарын тергеу бөлімімен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Болған жайттың себебін анықтау үшін олардың қызметкерлері оқиға орнында жүр", - деп хабарлады Network Rail компаниясы.

    Бұл ірі оқиға теміржол жұмысының уақытша тоқтауына себеп болды.

    Англияда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті: ондаған адам зардап шекті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram