Үндістанда 20 адам найзағайдың құрбаны болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Үндістанның Джаркханд штатында бір тәулік ішінде жай түсіп, кем дегенде 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Агенттіктің Prasar Bharati телерадиокорпорациясына сілтеме жасап жазуынша, қаза тапқандардың көбі Гиридх округінде тіркелген.
"Қаза тапқандардың ең көбі – 11 адам Гиридх округінде. Ауа райының қолайсыздығы штаттың басқа да бірнеше ауданына айтарлықтай зиянын тигізді. Үндістанның Метеорологиялық департаменті алдағы үш күнге қауіптің "қызғылт сары" деңгейін жариялады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, кейінгі тәулікте Джаркхандта муссондық жауын күшейіп, арты нөсер мен найзағайға ұласты.
5 тамызда полиция өкілдері осы штатта найзағай соққан 13 адамның қаза тапқанын хабарлаған еді.
Айта кетейік, бұған дейін Таиландта матч кезінде найзағай соққан футболшы мерт болған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2409910-undistanda-20-adam-naizagaidyng-qurbany-boldy/
