18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Таиландта матч кезінде найзағай соққан футболшы мерт болды

    найзағай
    Найзағай. Иллюстрациялық фото: picture alliance/Getty Images

    Таиландтың оңтүстігіндегі футбол матчы кезінде найзағай соққан 24 жастағы ойыншы қаза тауып, тағы 12 адам жарақат алған, деп хабарлайды The Independent басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Таиландтың оңтүстігіндегі Сунгай-Колок қаласында орналасқан Santiphap стадионындағы футбол матчы қайғылы жағдаймен аяқталды. Ойын кезінде алаңға найзағай түсіп, салдарынан бір ойыншы қаза болып, тағы 12 адам зардап шеккен.

    Қаза тапқан азамат SAMCOLTS командасының вингері, 24 жастағы футболшы Софван Авае болып шықты.

    "Найзағай соққаннан кейін ойыншы ауыр жарақат алған. Жедел медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмаған", - деп жазады басылым.

    Зардап шеккендердің арасында Малайзияның бір азаматы бар, олар оқиғадан кейін ауруханаға жатқызылған. Оқиға Golok FA кубогы аясындағы SAMCOLTS пен Abu x Nong Sirin командалары арасындағы матч кезінде болған.

    Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген кадрлар тарады. Видеода алаңдағы бірнеше футболшының жанына найзағай түсіп, артынша қатты жарылыс дыбысы естілген сәт бейнеленген.

    "Командаластары бірден алғашқы көмек көрсетуге тырысты", - делінген жарияланымда.

    Басылымның жазуынша, Таиландта мұндай жағдайлар жиі болады. Ресми деректерге сәйкес, 2020-2024 жылдар аралығында елде 283 адам найзағай соғуынан зардап шеккен.

    Таиландта матч кезінде найзағай соққан футболшы мерт болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram