Опат болғандар саны 25-ке жетті: Қытайда тайфун қаупі күшейді
Жарияланған күні:

Синоптиктер апта ортасында Қытайдың оңтүстік-шығысына "Долфин" дауылы соғып, тағы су тасқыны жүруі мүмкін екенін болжап отыр, деп хабарлайды 24.kz.
Қытайдың солтүстік-батысында тасқыннан опат болғандар саны 25-ке жетті. Топан су Ганьсу провинциясын өткен аптада шайып кеткен еді. Қазір апат салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.
Табиғи апат Қытайдың өзге өңірлерін де әбігерге салды. Сычуань провинциясында 64 мыңнан аса адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жауын-шашын маусымы басталғалы Қытайда 882 мыңға жуық тұрғын баспанасын тастап кетуге мәжбүр болды.
Синоптиктер апта ортасында елдің оңтүстік-шығысына "Долфин" дауылы соғып, тағы су тасқыны жүруі мүмкін деп отыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2407865-opat-bolgandar-sany-25-ke-zhetti-qytaida-taifun-qaupi-kusheidi/
