Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Пашинян Армения премьер-министрі болып қайта тағайындалды

    Никол Пашинян
    Никол Пашинян. Фото: Ақорда

    Армения президенті Ваагн Хачатурян "Азаматтық келісім" партиясының көшбасшысы Никол Пашинянды республиканың премьер-министрі лауазымына қайта тағайындады, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Конституцияның 149-бабының 1-бөлігіне сәйкес, Никол Пашинян премьер-министр болып тағайындалсын", - делінген жарлықта.

    Басылымның жазуынша, бұған дейін Пашинян министрлер кабинетінің отставкаға кететінін мәлімдегенімен, бұл республика Конституциясында қарастырылған формалды процедура болатын. Үкімет мүшелері жаңа кабинет жасақталғанға дейін өз міндеттерін атқара береді.

    Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Никол Пашинян жаңа шақырылымдағы Ұлттық жиналыстың жасақталуына орай ел үкіметі жексенбі, 2 тамызда отставкаға кететінін хабарлаған еді.

    Пашинян Армения премьер-министрі болып қайта тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram