Мароккодан мыңдаған мигрант Испанияға ағылды: қаза тапқандар саны айтарлықтай өсті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Мароккодан Испанияның Сеута анклавына өтпек болған мигранттар арасында қаза тапқандар саны 90 адамға жетті, деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылым қаза болғандар санының өскені туралы испаниялық Cadena SER радиостанциясының деректеріне сүйеніп хабарлады.
"Билік Сеутадағы миграциялық дағдарыс салдарынан құрбан болғандар саны 90-ға жеткенін мәлімдеді", - делінген радио таратқан хабарламада.
Cadena SER деректері бойынша, испаниялық құқық қорғау органдары 74 адамның мәйітін тапса, тағы 16 адамның денесін марокколық билік өкілдері тапқан.
Естеріңізге сала кетейік, 30 шілдеден 31 шілдеге қараған түні Африканың солтүстігіндегі Испанияның Сеута эксклавында мыңдаған марокколық мигрант шекараны бұзып өткені белгілі болды. Бұдан соң Испания билігі әскер жұмылдырды.
Кейін Испания билігі жұма күні кешке қарай мигранттардың көпшілігі Сеутадан кетіп, Мароккоға оралғанын атап өтті.
Бастапқыда шекаралық дуал арқылы құрлыққа өтпек болған сәттегі дүрбелеңде кем дегенде 57 мигрант қаза тауып, олардың денелері судан шығарылғаны хабарланған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2407216-marokkodan-myngdagan-migrant-ispaniiaga-agyldy-qaza-tapqandar-sany-aitarlyqtai-osti/
