Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Армения премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға кетті

    Никол Пашинян
    Никол Пашинян. Фото: Ludovic MARIN / AFP via Getty Images

    Бүгін Армения премьер-министрі Никол Пашинянның ресми түрде отставкаға кеткені белгілі болды. Сондай-ақ ел үкіметі де толық құрамда отставкаға кетті, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның мәліметінше, бұл туралы Пашинянның өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлаған.

    "Бүгін Армения Ұлттық жиналысының XIX шақырылымының отырысы басталды. Конституцияның 158-бабына сәйкес, жаңадан сайланған Ұлттық жиналыс жұмысын бастаған күні үкімет отставкаға кетеді", - деді Пашинян.

    Сонымен қатар ол қазіргі үкіметтің отставкаға кетуі туралы құжатқа қол қойған. Құжат ел президенті Ваагн Хачатурянға қол қоюға жіберіледі.

    Армения премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram