Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Аргентинада шенеуніктер мінген тікұшақ апатқа ұшырады: жеті адам қаза тапты

    Аргентинадағы тікұшақ апатқа ұшырады
    Аргентинада тікұшақ апатқа ұшырады. Кадр видеодан: x.com/DrMarceloOrrego

    Аргентинада шенеуніктер мінген тікұшақ апатқа ұшырады. Сан-Хуан провинциясының губернаторы Марсело Оррего қайғылы оқиға салдарынан жеті адам көз жұмғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Аймақ басшысы бұл туралы X әлеуметтік желісінде мәлімдеме жасады.

    "Біздің провинцияда болған тікұшақ апаты туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадық. Оқиға салдарынан жеті адам қаза тапты", - деп жазды Оррего.

    Оның айтуынша, жергілікті тұрғындарды қорғауға өз өмірін арнаған мемлекеттік қызметкерлер қаза тапқан. Олар – азаматтық қорғаныс қызметінің директоры, полиция бастығының орынбасары, өрт сөндіру қызметінің бастығы, оның орынбасары және Федералдық төтенше жағдайлар агенттігінің қызметкерлері.

    Сондай-ақ апат салдарынан тікұшақ ұшқышы да қаза болды.

    "Осы ауыр қайғылы сәтте қаза тапқандардың отбасына шын жүректен көңіл айтамын. Жақындарынан айырылған әрбір жанның қайғысына ортақтасамыз", - деп жазды губернатор.

    Аргентинада шенеуніктер мінген тікұшақ апатқа ұшырады: жеті адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram