18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жапонияда магнитудасы 7,1 болған жер сілкінісі: 13 адам қаза тапты

    Жапониядағы жер сілкінісі
    Жапониядағы жер сілкінісі. Фото: The Asahi Shimbun via Getty Images

    Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити кеше Кюсю аралындағы Кумамото префектурасы ауданында болған жер сілкінісінен 13 адам қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Үкімет басшысы табиғи апат салдарынан құрбан болғандар санын баспасөз мәслихатында жариялады.

    "Жергілікті уақыт бойынша сағат 8:30-дағы жағдай бойынша қаза тапқандар саны – 13 адам", - деді Такаити.

    Премьер-министр Жапония билігі адамдарды тез арада құтқару үшін барлық қажетті шараны қабылдайтынын мәлімдеді.

    Естеріңізге сала кетейік, 28 шілдеде Жапонияның Кумамото префектурасында магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Кейбір аймақтарда цунами қаупі туралы ескерту жарияланды.

    Жойқын жер сілкінісінен кадрлар желіде жарияланды. Мұндай күшті жер сілкінісі соңғы рет Кумамотода осыдан 10 жыл бұрын (2016 жылы) болған. Ол кезде 275 адам қаза тауып, тағы 2 739 адам жарақат алған.

    Кешегі Кумамото префектурасындағы бірқатар қуатты жер сілкінісінен кейін Aeon Mall Kumamoto сауда орталығында жарылыс болды.

    Жапонияда магнитудасы 7,1 болған жер сілкінісі: 13 адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram