Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Жапонияда магнитудасы 7,1-ге жеткен жойқын жер сілкінісі болды (видео)

    Жер сілкінісі
    Жер сілкінісі. Нейрожелі арқылы жасалған көрнекі сурет: NUR.KZ / Жұлдыз Кенжеғалиева

    Жапонияның Кумамото префектурасында магнитудасы 7,1-ге жеткен жер сілкінісі тіркелді. Xinhua агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ порталының хабарлауынша, кейбір аймақтарда цунами жүру қаупі туралы ескерту жарияланды.

    Сейсенбі күні Жапонияның Кумамото префектурасында магнитуда 7,1-ге жеткен жер сілкінісі болды. Бұл туралы Жапонияның Метеорологиялық агенттігі мәлімдеді.

    Жапонияның оңтүстік-батысындағы бірқатар аудан үшін цунами жүру қаупі туралы ескерту жасалды.

    Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

    Желіде бақылау камераларына түсіп қалған жер сілкінісі сәтінің кадрлары жарияланды.

    Сонымен қатар әлеуметтік желі қолданушылары жер сілкінісінің салдарын көрсететін өз видеоларын бөлісуде.

    Айта кетейік, тура бір ай бұрын Жапонияның солтүстік-шығысында магнитудасы 6,9-ға жеткен жер асты дүмпулер тіркелгені туралы жазған болатынбыз.

    Жапонияда магнитудасы 7,1-ге жеткен жойқын жер сілкінісі болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram