18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Эльбруста бір тәулікте алты альпинист қаза тапты

    Құтқарушылар
    Құтқарушылар. Иллюстрациялық фото: РФ ТЖМ

    Эльбрус тауында бір тәулік ішінде алты альпинист қаза тапты – құрбан болғандардың арасында Босния және Герцеговинадан келген туристер мен Ресей азаматы бар.

    РБК-ның мәліметінше, Босния және Герцеговинадан келген, құрамында жеті альпинист бар топ 24 шілдеде Эльбрусқа көтерілген. 25 шілде күні кешке ауа райының нашарлауына байланысты олар бағытынан адасып қалған.

    Топ мүшелерінің бірі төмен түсіп, 5 100 метр биіктікте екі адамның жағдайы нашарлап, қайтыс болғанын хабарлаған.

    Кейінірек олардың денелері табылып, эвакуацияланған.

    Сондай-ақ Босния және Герцеговинадан келген тағы бір аман қалған турист табылған.

    Көп ұзамай құтқарушылар топтың қалған үш мүшесінің денесін тапқан – жеті адамның ішінде тек екеуі аман қалған.

    Бұдан бөлек, Эльбруста тағы бір қайғылы оқиға тіркелген – басқа альпинистер тобында бір адам мерт болған. Қатысушылардың бірі шыңға көтерілу кезінде көз жұмған. ТАСС-тың мәліметінше, бұл альпинистер Ставрополь өлкесі мен Тула облысынан келген.

    Эльбруста бір тәулікте алты альпинист қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram