Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Опасыздық жасап келді": Трамп Канадаға неліктен 50 пайыздық салық салғанын түсіндірді

    Дональд Трамп
    Дональд Трамп. Фото: Anna Moneymaker/Getty Images

    АҚШ президенті Дональд Трамп солтүстіктегі көршісі Канададан шыққан тауарларға неліктен 50 пайыздық салық салғанын түсіндірді, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

    Трамп Канада билігіне ренжулі. Журналистерге не себепті канадалық тауарларға 50 пайыздық салық салғанын да түсіндірді. Айтуынша, ауылшаруашылық қожалықтарына көп уақыт бойы Канада қысым көрсетіп келген. Сондай-ақ АҚШ президентінің сөзінше, бір аптадан астам уақыт бойы сөндіре алмай отырған орман өрті АҚШ қалаларына жетуі – солтүстік көрші елдің билігінің біліксіздігінің көрсеткіші.

    "Канадаға АҚШ-тың мықты болғаны керек. Себебі бізсіз ол ел бірде-бір күн өмір сүре алмайды. Сіздер ойлап қалмаңыздар. Мен Канада халқын жақсы көремін. Алайда билігі бізге 50 жыл бойы опасыздық жасап келді. Біздің ауылшаруашылық қожалықтарының тауарларын ысырып, шығынға батырды. Мен соған налып отырмын", - дейді Трамп.

    "Опасыздық жасап келді": Трамп Канадаға неліктен 50 пайыздық салық салғанын түсіндірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram