Иранның Иорданиядағы базаға жасаған соққысынан АҚШ-тың әскери қызметшілері қаза тапты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Иран АҚШ-тың Иорданиядағы әуе базасына шабуыл жасады – салдарынан екі әскери қызметші қаза тауып, тағы төртеуі жарақат алған. Бұл ақпаратты CENTCOM растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) X әлеуметтік желісінде Иранның 17 шілдеде Иорданиядағы базаға жасаған шабуылы туралы мәлімдеме жасады.
Мәлімдемеде Тегеранның зымырандармен және дрондармен соққы жасағаны айтылған.
Шабуыл салдарынан екі америкалық сарбаз қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға түскен. Сондай-ақ бір әскери қызметші хабар-ошарсыз кеткен.
Жеңіл жарақат алған басқа әскери қызметшілер өз міндеттерін атқаруға кіріскен.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2401320-irannyng-iordaniiadagy-bazaga-zhasagan-soqqysynan-aqsh-tyng-askeri-qyzmetshileri-qaza-tapty/