Тайландта бар өртеніп, 27 адам қаза тапты (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бангкоктағы барда болған өрттен 27 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға 13 шілдеде қаланың солтүстік бөлігіндегі барда тіркелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ DW-ге сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер оқиға орнынан кадрларды жариялады. Онда пабтың есігінен жалын шығып жатқанын және адамдардың қашып шығып жатқанын көруге болады.
Тайланд премьер-министрі Анутин Чарнвиракулдың айтуынша, өрттен кем дегенде 27 адам қаза тауып, тағы бірнешеуі ауруханаға жатқызылды.
Өрттің себебі әлі анықталған жоқ. Ресми мәлімет бойынша, өрт сөндірушілерге жалынды оқшаулау үшін кем дегенде жарты сағат уақыт кеткен.
Ескерту: Видеоны сезімтал, жүрегі әлсіз адамдарға, жүкті әйелдерге көруге кеңес берілмейді!
23.57 น. รับแจ้งจากสายด่วน 199 เหตุเพลิงไหม้ภายในร้านอาหาร ใกล้เคียงซอยลาดพร้าว 1 ถนนลาดพร้าว แขวงจอมพล เขตจตุจักร เจ้าหน้าที่สถานีดับเพลิงและกู้ภัยสุทธิสาร กำลังไปที่เกิดเหตุ สถานที่เกิดเหตุ pic.twitter.com/Tw6EPb7fhS
— JS100Radio (@js100radio) July 12, 2026
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2398765-tailandta-bar-ortenip-27-adam-qaza-tapty-video/