Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Өзбекстанда бесем дүниеге келді

    Бесемді ұстап тұрған медқызметкерлер
    Бесемді ұстап тұрған медқызметкерлер. Фото: Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігі

    6 шілдеде Өзбекстанның Әндіжан қаласында бесем дүниеге келді, деп хабарлайды елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, 6 шілдеде "Қайрағочтош" махалласының тұрғыны Наргиза Бекжанова көпұрықты жүктілік диагнозымен Әндіжан қаласындағы № 2 перзентханаға түскен.

    Кейін оған кесарь тілігі жасалған. Ота білікті акушер-гинекологтар, неонатологтар және реаниматолог мамандардың арқасында сәтті өткен.

    Дүниеге бесем аман-есен келген. Сәбилердің үшеуі – қыз, екеуі – ұл бала.

    Көп ұзамай анасы мен нәрестелер Республикалық ана мен бала денсаулығы орталығының Әндіжан облысындағы филиалына жеткізілген.

    "Қазіргі таңда сәбилер мен анасының жағдайы жақсы, олар білікті медицина қызметкерлерінің бақылауында", - делінген хабарламада.

    Министрліктің мәліметінше, өткен айда да осы орталықтың Әндіжан облыстық филиалында төртем дүниеге келген.

    Өзбекстанда бесем дүниеге келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram