Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Бішкек тұрғындарына қаладан уақытша кетіп қалу ұсынылды

    Бішкек қаласы
    Бішкек қаласы. Фото: eremy Woodhouse/Getty Images

    Бішкек тұрғындарына тамыз айының соңы мен қыркүйектің басында қаладан үш күнге кете тұру ұсынылды, деп хабарлайды 24.kg порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның жазуынша, Қырғызстан астанасы Бішкекте 30-31 тамыз және 1 қыркүйек күндері Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтеді.

    Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзовтің мәліметінше, елге алғаш рет бір уақытта 21 мемлекеттің басшысы келеді, олардың кейбірі бірінші ханымдарымен бірге келеді.

    "Осыған байланысты Бішкек тұрғындарын мүмкіндігінше осы күндерді Ыстықкөлде немесе басқа демалыс аймақтарында өткізуге шақырамыз. Өйткені үш күн бойы қаладағы жолдардың жиі жабылуы өздеріңізге қолайсыздық тудыруы мүмкін", - деп түсіндірді Асқат Алагөзов.

    Ол мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындары студенттерінің сабағы 15 қыркүйекте басталатынын еске салды. Сондықтан 1 қыркүйекке қарай Бішкекке асығудың қажеті жоқ.

    Бішкек тұрғындарына қаладан уақытша кетіп қалу ұсынылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram