18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тәжікстанда ірі жол апатынан 11 адам мерт болды

    Жол апаты
    Жол апаты. Иллюстрациялық фото: kazakova0684/Getty Images

    Тәжікстандағы Душанбе-Куляб-Хорог тасжолында жүк көлігі мен екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның Тәжікстан Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап жазуынша, ірі жол апаты 2 шілдеде таңғы уақытта Вахдат қаласына қарасты Элок ауылының тұсындағы автожолдың 32-шақырымында болған.

    Алдын ала мәліметтер бойынша, қозғалыс барысында "Дулан" жүк көлігінің тежегіші істен шығып, осыдан кейін ол Opel Zafira және Toyota Prado көліктерімен соқтығысқан.

    Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында 11 адам қаза тапқан. Олардың арасында жүк көлігі мен жеңіл көліктердің бірінің жүргізушілері, сондай-ақ тоғыз жолаушы бар.

    Оқиға орнына ішкі істер министрі, Мемлекеттік автомобиль инспекциясының басшысы, Вахдат қаласының прокуроры және басқа да лауазымды тұлғалар келген.

    Қайғылы оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.

    Тәжікстанда ірі жол апатынан 11 адам мерт болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram