18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Пәкістанда білім беру орталығының шатыры құлап, кем дегенде 14 бала қаза тапты

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Фото: x.com/@iihtishamm

    Пәкістанның Лахор қаласындағы білім беру орталығының шатыры опырылып, кем дегенде 14 бала қаза тапты. Шамамен тағы 10 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Синьхуа агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Rescue 1122 құтқару қызметінің ресми өкілі Фарук Ахмедтің мәліметінше, қайғылы оқиға Лахор қаласының Кахна ауданында болған.

    "Оқиға салдарынан 14 бала қаза тапты, зардап шеккен шамамен тағы 10 адам ауыр халде", - деді Фарук Ахмед.

    Оның айтуынша, қаза тапқандар саны артуы мүмкін.

    Rescue 1122 құтқару қызметі іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын мәлімдеді.

    Құтқарушылар қирандыларды тазалап, құлаған шатырдың астында қалып қойған болуы мүмкін адамдарды іздестіріп жатыр.

    Пәкістанда білім беру орталығының шатыры құлап, кем дегенде 14 бала қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram