Венесуэлада алты күн бойы қирандылар астында жатқан үш жасар бала құтқарылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Венесуэлада құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен кейін ғимарат қирандыларының астында қалған үш жасар баланы алты тәуліктен кейін аман-есен тапты, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның жазуынша, бүлдіршін жер сілкінісінен ең қатты зардап шеккен Венесуэланың Ла-Гуайра штатында құтқарылған.
Бұл туралы Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес хабарлаған.
"Қирандылар астында алты күн болған үш жасар бала аман-есен құтқарылды", - деп жазған ол Telegram-дағы арнасында.
Родригестің айтуынша, бұл оқиға ел тұрғындарына үміт сыйлаған.
Әзірге баланың жағдайына немесе оны құтқару операциясына қатысты қосымша ақпарат айтылмады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Венесуэладағы жер сілкінісінен соң 70 сағаттан кейін қирандылар астында қалып қойған 11 жасар баланың құтқарылғанын жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2394789-venesuelada-alty-kun-boiy-qirandylar-astynda-zhatqan-ush-zhasar-bala-qutqaryldy/