18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Еуропада бір апта ішінде аптап ыстықтан 1300-ден астам адам көз жұмды

    Еуропадағы ыстық
    Еуропадағы ыстық. Фото: Maryam Majd/Getty Images

    Кейінгі аптада Еуропада аптап ыстықтан 1300-ден астам адам қайтыс болған. Бұл туралы ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Х әлеуметтік желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Оның айтуынша, Еуропа – жер бетіндегі ең жылдам жылынып жатқан континент, мұндағы температураның көтерілу қарқыны жаһандық орташа көрсеткіштен екі есе жоғары. Қазір 150 миллион адам аптап ыстықтың зардабын тартып жатыр, жүздеген адам көз жұмған, мектептер жабылған.

    21 маусымнан бері аптап ыстықтың салдарынан тағы 1300-ден астам қайтыс болған.

    "Еуропалық үйлер, жұмыс орындары және мектептер мұндай жоғары температураға есептеліп салынбаған.

    ДДСҰ ұйымға мүше мемлекеттермен және серіктестерімен бірлесіп, экстремалды ыстықтан туындаған денсаулыққа қатысты мәселелерді шешу үшін дайындыққа, алдын алуға және денсаулық сақтау жүйесіндегі шараларды күшейтуге баса назар аудара отырып жұмыс істеп жатыр", - деп жазды Тедрос Адханом Гебрейесус.

    Еуропада бір апта ішінде аптап ыстықтан 1300-ден астам адам көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram