Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Түркия тұрғыны қателесіп бір келі алтынды лақтырып жіберген

    Алтын
    Алтын. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Түркия тұрғыны шамамен бір келі алтын салынған қалтаны қоқыс деп ойлап лақтырып жіберген. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    TR Haber порталына сілтеме жасаған басылымның жазуынша, оқиға Түркияның Бурса провинциясының Акчалар ауданында болған.

    Үй иесі Седаир Курназдың айтуынша, әйелі үй жинап жүріп, ішінде құны шамамен 6,13 миллион түрік лирасына тең (133 мың доллардан астам) алтын бар қалтаны қоқыс деп ойлап лақтырып жіберген. Отбасы бұл ақшаны жеке үйін алу үшін жылдар бойы жинаған.

    Седаир Курназ бұл жағдайдан полиция мен коммуналдық қызметтер хабардар екенін, қазір аудандағы бейнебақылау камераларындағы жазбалар тексеріліп жатқанын жеткізді.

    Оның сөзінше, қоқыс таситын көліктер қалдықтарды шығарып үлгерді ме, әлде қалтаны қоқыс сұрыптайтын адамдардың бірі алып кетті ме, әзірге белгісіз.

    Түркия тұрғыны қателесіп бір келі алтынды лақтырып жіберген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram