Иран билігі АҚШ-пен соғыста жеңіске жеткенін мәлімдеді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи АҚШ-пен соғыста ел өзін жеңімпаз деп санайтынын мәлімдеді. Ол жеңіске ұрыс даласында қол жеткізілгенін атап өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТАСС-қа сілтеме жасап.
ТАСС-тың Иран мемлекеттік телерадио компаниясына сілтеме жасап хабарлауынша, елдің сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Иранның АҚШ-пен соғыста майдан даласында жеңіске жеткенін мәлімдеді.
"Вашингтон біздің қарулы күштеріміз бен халқымыздың қайсар және батыл қарсылығына тап болды.
Соғысты аяқтаудың ең жақсы уақыты – бізде артықшылық болған кезде. Біз расында да ұрыс даласында жеңіске жеттік", - деді Иран сыртқы істер министрі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2387982-iran-biligi-aqsh-pen-sogysta-zhengiske-zhetkenin-malimdedi/